{metadescription}
Алматыдағы халықаралық жарысқа әлемнің 25 елінен 150-ге жуық журналист қатыспақ

Алматыдағы халықаралық жарысқа әлемнің 25 елінен 150-ге жуық журналист қатыспақ

Шымбұлақта шаңғышы-журналистер арасында халықаралық жарыс өтеді.

Қазақстанға әлемнің 25 елінен 150-ге жуық журналист жиналмақ. Олар 3-6 наурыз аралығында  Алматыда өтетін SCIJ (Халықаралық журналистердің шаңғы клубы) клубының 69-шы отырысына қатысып, одан кейін үш күн қатарынан өзара жарысқа түспек.

Клуб президенті қызметін канадалық Фредерик Уоллас, ал бас хатшы ретінде бельгиялық Бруно Шмиц атқарады. Клубтың негізін 1955 жылы саяси қайшылықтарды жеңу үшін спортты пайдалану идеясын ұсынған журналист және шаңғышы француз Жиль де Ла Рок қалаған.

Жыл сайын клуб мүшелері әлемнің әр елінде өзара жарыс өткізіп, кәсіби және саяси мәселелерді талқылау үшін жиналады. 2023 жылы бұл шара Канадада Marble Mountain шипажайында өтсе, 2024 жылы Алматыда «Шымбұлақ» тау курортында өтпек.

«Біз SCIJ халықаралық отырысын өткізу құқығын 2020 жылы жеңіп алдық. Бірақ пандемияға байланысты оны 2021 жылдан 2024 жылға ауыстыруға тура келді. Халықаралық клубтың қазақстандық филиалының журналистері шетелдегі әріптестерінің елімізде ерекше әсер алып кетуі үшін көп күш жұмсауда», – деді SCIJ Қазақстан президенті Ирина Баженова.

SCIJ Kazakhstan туралы анықтама: Қазақстан 2012 жылы Түркияда өткен SCIJ клубының жыл сайынғы жиналысына қонақ ретінде қатысты, ал 2013 жылы үш адамнан тұратын қазақстандық команда Италиядағы кездесуде SCIJ құрамына ресми түрде қабылданды. SCIJ Kazakhstan клубының 10 жыл ішінде қатысушылар саны 45 адамға дейін өсті. Олардың қатарында КТК, Еуразия 1 арнасы, Хабар телеарналары, «Время», «Курсив», «Jas qazaq», «Жас Алаш», «Новое поколение», ақпараттық агенттіктер және электрондық медианың жетекші БАҚ өкілдері Tengrinews.kz, Prosports.kz, Azattyq Ruhy, KzNews.kz және басқалар. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде