{metadescription}
Елордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Елордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Астанада салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй өртке оранды. 

«29 ақпанда сағат 14:05-те қалалық өрт сөндіру бөлімшесіне Төле би көшесі, 16 мекенжайында өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 17 қабатты салынып жатқан тұрғын үй кешенінің жабынында 10 шаршы метр аумақта рубероид және жылытқыштың (минералды мақта) жанып жатқанын анықтады. Сағат 14:24 минутта өрт ауыздықталды», - делінген Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тілсіз жаумен күреске 17 маман және 4 техника жұмылдырылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде