{metadescription}
Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 7 қала тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 7 қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы, Астана және тағы жеті қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті.

"2024 жылғы 1 наурызда Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Риддер, Теміртау, Қарағанды, Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде