{metadescription}
Алматыда ер адам баласының сыныптасын тұншықтырып, ұрған

Алматыда ер адам баласының сыныптасын тұншықтырып, ұрған

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам мектепке кіріп, сыныпта отырған біреудің кішкентай баласын ұрып-соққаны туралы ақпарат пайда болды. Осыған қатысты Алматы полициясы мен Балалардың құқықтарын қорғау комитеті пікір білдірді.

Бұл туралы таяқ жеген баланың анасы өзінің Instagram –дағы парақшасында жазды.

Айтуынша, ұлын сыныптасының әкесі ұрып-соғып, тұншықтырған.

«Бұл мектепте үзіліс кезінде болды. Сынып жетекшісі жоқ кезде сыныпқа кіріп, қылқындырып, ұрып-соға бастаған», - делінген жазбада.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 2 ақпанда болған.

«Бұл фактіні жергілікті полиция қызметінің, сондай-ақ ювеналды полиция қызметкерлері тіркеп, назарға алды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау бойынша тексеру шаралары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті де Алматыда болған жағдайға байланысты түсінік берді.

«Аудандық білім бөлімінің ақпарына сәйкес директордың орынбасарына, сынып жетекшісіне, күзетшіге қатысты тиісті тәртіптік шаралар қабылданғанын хабарлаймыз. Аталған мәселе Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің бақылауында. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген хабарламада.

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде