{metadescription}
Қор нарығында доллар шамалы қымбаттады

Қор нарығында доллар шамалы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,38 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 451,03 теңге.

Ұлттық банктің 1 наурыздағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 450,61 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,97 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 450,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 452,9 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 448 теңге, сатып алу құны– 453 теңге.

Ресей рублі 4,85 — 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде