{metadescription}
Бангладеште көпқабатты үйдегі өрттен 43 адам қаза тапты

Бангладеште көпқабатты үйдегі өрттен 43 адам қаза тапты

Бангладеш астанасы Даккада көпқабатты үйдегі өрттен кем дегенде 43 адам қаза тапты. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жеті қабатты мейрамханада жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22.00 шамасында басталған өрт тез арада бүкіл ғимаратқа таралған. Оқиға кезінде ондаған адам өрт ішінде қалған.

Көп өтпей өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаған. Бірақ әзірге өрттің шығу себебі анықталған жоқ. 

Бангладештің денсаулық сақтау министрі Саманта Лал Сеннің айтуынша, қаза тапқан 43 адамның арасында әйелдер мен балалар бар, тағы ондаған адамды күйік шалған. 

«Біз алтыншы қабатқа жеткен кезде көтерілген түтінді көрдік. Көп адам баспалдақпен жоғары көтерілді, бірақ біз, керісінше, су ағатын құбырмен төмен түстік. Кейбіреулер жоғарғы қабаттардан секіріп жарақат алды», - деді өрттен қашып үлгерген Сохель есімді мейрамхана менеджері журналистерге берген сұхбатында.

Дереккөз: Kazinform
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде