{metadescription}
Семейде пышақ ұстаған ер адам қызды аңдып, полицейді жаралады

Семейде пышақ ұстаған ер адам қызды аңдып, полицейді жаралады

Семей қаласында 13 жасар қыздың соңына түскен ер адам көмекке келген полицейге пышақ сұқты деп хабаралайды polisia.kz.

Полицияға хабарласқан қыз өзін белгісіз адамның аңдып жүргенін айтқан. Жеткіншек дүкенге кіріп кеткенін, сыртқа шығуға қорқып тұрғанын жеткізді.

Учаскелік полиция инспекторлары дереу сол жерге келіп жетті. Олар дүкеннің жанында тұрған күдіктіні байқап, мән-жайды анықтауға тырысты. Бірақ жігіт қолына пышақ алып, тәртіп сақшыларына жүгіре жөнелді.

"Полицейлер ер адамды дүкеннен алшақтау жерге алып кету керектігін түсінді. Өйткені онда көп адам жүреді. Олар агрессивті ер адамның назарын өздеріне аудара отырып, рациямен қосымша көмек шақыртты. Патрульдік полиция экипажы шұғыл оқиға орнына келді", - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан патрульдік полицей Асхат Ахатовқа ер адам атыла кетіп, пышақ сұғып жіберді. Осыған қарамастан, жараланған қызметкер әріптестерімен бірге жекпе-жек әдістерін қолданып, оны қолға түсірді.

"Басынан үш рет жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде