{metadescription}
Президент қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Президент қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. 

– Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Танымал публицист, саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын дипломатиялық қызметтен бастаған болатын. Кейіннен республикалық басылым – «Арай» журналының, «Время-Дәуір» және «Эпоха» газеттерінің бас редакторы қызметін атқарды.

Қазақстанның ардагер журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Вызов времени», «Миражи и реалии», «Служение нации», «Казахская драма» атты кітаптардың авторы. Сондай-ақ ол республикалық, одақтық басылымдардағы, «Аргумент и факты», «Вокруг света» сияқты газеттердегі 500 авторлық мақала авторы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде