{metadescription}
Шымкентте жеке тұрғын үй өртеніп, 70 жастағы ер адам күйіп қалды

Шымкентте жеке тұрғын үй өртеніп, 70 жастағы ер адам күйіп қалды

Оқиға Абай ауданына қарасты Қайнар бұлақ тұрғын алабында болған.

Жеке тұрғын үйдің шатыры мен «Нива» маркалы жеңіл көлікті өрт шалған. Салдарынан үй иесі, 1954 жылы туған ер адамның арқа тұсы мен басы күйіп қалды. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің 3 техникасы мен 14 қызметкері және апаттар медицина орталығының мамандары жұмылдырылды.

«Зардар шегуші ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 18:28-де оқшауланып, сағат 18:44-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде