Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді
Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді.
Фото: ТЖМ
09:16 02.04.2024
Тексеру жүргізу кезінде «Қазселденқорғау» мамандары Алматы облысы «Түрген – Батан» ауылы автожолының 23,4 шақырымында қар көшкіні болғанын анықтады. Өздігінен қар көшкінінің көлемі – 187,5 м3.
Қар көшкінінің түсу себебі – температураның жоғарылауы және таулардың баурайындағы қар жамылғысының едәуір қоры. Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Қар көшкіні Түрген-Батан автожолын жауып тастады.
«Автожолды тазалау жұмыстарын ЖАО жүргізіп жатыр. Алматы облысының тауларында көшкін қауіпті. Алдағы күндері тауға барудан бас тартуды ұсынамыз», - деп хабарлады ТЖМ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!