Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мәжіліс «Айбын» орденін даңқты батырлардың есімімен атауға қатысты құжатты талқылайды
Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті.
Фото: Kazinform
11:37 03.04.2024
«Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Парламенттегі бір топ депутаттың бастамасымен әзірленді. Мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру және аса көрнекті әскери тұрғаларымыздың ерлігін мәңгі есте қалдыру мақсатында Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін «Айбын» орденінің дәрежелеріне беру жөнінде өзгерістер мен толықтырулар ұсынылады. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті осы заң жобасы бойынша тиісті қорытындыны даярлауға дайын», - деді Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан палатаның жалпы отырысында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram