Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте қызметкерлердің жалақысын төлемеген кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылды
Шымкентте қызметкерлердің жалақысын төлемегені үшін кәсіпорын басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Фото: Kazinform
13:58 03.04.2024
Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдегендей, «Спорт ғимараттары дирекциясы» 203 қызметкердің еңбекақысын төлемеген. Оған айыппұл салынды.
«Шымкент қаласы прокуратурасының талдауымен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорт ғимараттары дирекциясы» МКҚК-ның 203 қызметкердің алдында 24 млн теңге сомасында жалақы бойынша қарызы анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жұмыскерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді, кәсіпорын басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оған 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram