Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Петропавлда жүргіншілер өткелінде ана мен баланы көлік қақты
Жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті.
17:05 03.04.2024
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін болған. Назарбаев көшесін жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өтпек болған 30 жастағы әйел мен 6 жасар баланы көлік қағып кетті. Ана мен бала медициналық мекемеге жеткізілді.
«Nissan Cefiro» автокөлігін Петропавлдың 36 жастағы тұрғыны басқарған. Медициналық куәландыру барысында ер адамның спирттік ішімдік ішпегені расталды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналып жатыр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram