Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
6 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.
10:16 06.04.2024
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 6 сәуір, сенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Ақтөбе, Атырау, Астана, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Риддер, Семей қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram