Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Роман Скляр су тасқынына қарсы жұмыстарды тексеру мақсатында рейд жүргізді
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысындағы инженерлік инфрақұрылымның су тасқынына дайындығын тексеру мақсатында Петропавл қаласының маңындағы бірнеше ауылдарды тексеру үшін түнгі рейд жүргізді.
Фото: primeminister.kz
11:08 08.04.2024
Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында жарияланды.
Рейд барысында Тепличное, Прибрежное ауылдары мен Ущева көшесі бойындағы бөгеттерді нығайту жұмыстарының барысы тексерілді.
Фото: primeminister.kz
Роман Скляр мердігер компанияларға бөгеттерді нығайту үшін техника көлемін арттыруды тапсырып, уақыт аз екенін еске салды.
"Бізде санаулы күндер қалды, белсенді жұмыс істеу керек. Нысандарда жүк машиналары мен басқа да техникалар жеткіліксіз, тиегіштердің санын екі есеге арттыру қажет. Судың көтерілу кезеңінде біз ағымдағы жағдайға жауап беретін мобильді топтар құратын боламыз", — деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram