Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысы: Жібек жолы ауылын су басып жатыр
Алматы облысы Жібек жолы ауылында көшелерді су басып жатқан видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Фото: Ақмола облысы Жастар-ресурстық орталығы
15:03 08.04.2024
Видеодағы жазбада Жібек жолы ауылындағы Тегістік, Көкқайнар, Ақжазық көшелерін су басып жатыр.
Алматы облысының әкімдігі Жібек жолы ауылы, Қарасу, Ақдала, Ақсу, Ақ жазық, Көкқайнар, Бөгенбай батыр, Баласаз, Жиделі көшелерінде жер астынан шыққан сулардың жиналып жатқанын хабарлады.
«Қазіргі таңда әкімдік тарапынан арық желілерін қазу және арнайы техникалармен суды сорғызу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін төрт шақырымнан аса арық желілері қазылды. Қазіргі таңда аталған аймақта жағдай қалыпты және тұрақты бақылау жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram