{metadescription}
Космосқа тағы бір қазақ ғарышкерін жіберудің шарттары пысықталып жатыр

Космосқа тағы бір қазақ ғарышкерін жіберудің шарттары пысықталып жатыр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында қазақтандық ғарышкерді ашық космосқа жіберу бағытындағы дайындық жұмыстары туралы мәлімет ұсынды.

«Қазіргі таңда Қазақстанның ғылыми зерттеулер мен эксперименттерінің алтыншы бағдарлама жобасы талқылау және пысықтау сатысында тұр. Бұл бағдарламаның әрбір жобасы өзектілік, жаңашылдық, іске асыру мүмкіндігі (халықаралық ғарыш стансаларында қажетті қондырғылар бар-жоғы жөнінде) тұрғысынан зерттеледі», - делінген жауапта.

Ведомство мамандары ғарышкер дайындау жобасы жөнінде егжей-тегжей ақпарат бере алмайтынын атап өткен. 

«Жобалардың саны мен мазмұны туралы айту әзірге ерте деп есептейміз. Бүгінгі таңда ғарыш ведомстволарына, оның ішінде «Роскосмос» мемлекеттік корпорацияларына сауал жолдадық. Соңғысы ғарышкерді аттандырудың негізгі шарттарын атады. Ол шарттарды қарап жатырмыз. Бірақ ғарышкерді ғарышқа жіберу жөнінде нақты шешім әлі қабылданған жоқ», - деп жазылған ресми мәліметте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде