{metadescription}
Мемлекет басшысы Қаныш Сәтбаевты «қазақ ғылымының атасы» деп атады

Мемлекет басшысы Қаныш Сәтбаевты «қазақ ғылымының атасы» деп атады

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтіп жатыр. Кеңесте мемлекет басшысы Қаныш Сәтбаевты «қазақ ғылымының атасы» ретінде атады.

Жиын барысында мемлекет басшысы қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады. 

«Алдымен, баршаңызды Ғылым күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер арқылы Қазақстан ғалымдарына жылы лебізімді жеткізгім келеді. Шын мәнінде, бүгінгі мерекелік күн – қоғамымыздағы ерекше сәт, себебі бұл күн ғұлама ғалым, заңғар тұлға Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Дәл бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. Біз Ұлы Абайды қазақ руханиятының темірқазығы, Ахмет Байтұрсынұлын Ұлт ұстазы дейміз. Ал Қаныш Сәтбаевты қазіргі қазақ ғылымының атасы деуге болады», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – халқымыздың біртуар перзенті екенін, еліміз әлі күнге дейін оның ғылыми жаңалықтарының игілігін көріп отырғанын атап өтті. 

«Әйгілі ғалымның мерейтойын жоғары деңгейде атап өту маңызды. Менің тапсырмаммен көптеген іс-шара өткізіледі. Біз, бір жағынан, ұлы ғалымға шынайы құрмет көрсетеміз. Екінші жағынан, білім-ғылым культін қалыптастыру жолында маңызды қадам жасаймыз. Ең бастысы, еліміз Сәтбаев салған сара жолды жалғастыруы қажет. Біз «ғылым» туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың есімі ойға оралады. Бұл – заңдылық. Мемлекеттік мәртебесін қайта иеленген Ұлттық ғылым академиясы еліміз ғана емес, бүкіл әлемнің ғылыми қауымдастығы мақтан тұтатын Қаныш Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты. Бұл кездейсоқтық еме»,- деп толықтырды мемлекет басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде