{metadescription}
Алматыда Тоқаевтың тапсырмасы бойынша арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі

Алматыда Тоқаевтың тапсырмасы бойынша арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі

Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің маңызды тапсырмаларын айтты. Оның айтуынша, Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөзін жалғастыра отырып, президент әкімдік үш жылдық зерттеу жұмыстарына қаржы бөлетінін түсіндірді.

"Сонымен қатар біздің алдымызда энергетикалық ақауларды, эпидемиялар мен құрғақшылықты болжау және алдын алу міндеті тұр. Тиісті министрліктер мен әкімдіктер төтенше жағдайлардың ықтимал тәуекелдерін ескере отырып, салалар мен өңірлерді дамыту бағдарламаларын қайта қарауы керек. Бұл жұмысқа ғылыми қоғамдастықты, гидрология, климатология, география, инженерия және т.б. мамандарды тарту қажет", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар барлық жерде жоғары сапалы ғылыми қолдауға сүйену керек екенін тағы да қадап айтты.

"Бұл өте маңызды міндет. Шешімдерді мұқият пысықтап, негіздеп, содан кейін ғана қабылдау керек. Сондықтан елдегі ғалымдар мен ғылыми орталықтарда жағдайды талдау және болжау үшін барлық қажетті құралдар болуы керек", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алматы тұрғындары соңғы жер сілкінісінің бірін 2024 жылдың 10 сәуірінде кешке сезінді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде