{metadescription}
Петропавлда су басу қаупі бар аудандардан халық эвакуациялануда

Петропавлда су басу қаупі бар аудандардан халық эвакуациялануда

Петропавл қаласында су басу қаупі бар аудандардан халықты эвакуациялау жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев айтты.

«Жағдай барынша күрделі. Сергеев су қоймасының толуы 168 пайызды құрайды. Су плотина ернеуінен 3,5 метр асып-төгіліп жатыр. Төмендеу байқалады. Дегенмен, бұл жалпы жағдайға әсер етпейді. Яғни, су Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына барып жатыр. Есіл ауданында 112 үй су астында қалған. Қазіргі уақытта Қызылжар ауданының Тепличное, Затон және Прибрежная ауылдарына негізгі соққы тиіп жатыр. 320 үйді су басып, 1 839 адам эвакуацияланды. Өткен тәулікте Петропавл қаласының екі ауданында 135 үйді су басты. Халық эвакуацияланып жатыр. Олар үш орта мектепке және 2 колледждің жатақханасына орналастырылды. Басым көпшілігі туыстарының үйінде», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, жалпы облыс бойынша 1 770 адам, оның ішінде 1 123 бала эвакуацияланған.

Өңірде су тасқынымен күреске 3 797 адам, 854 техника, 476 мотопомпа, 110 қайық жұмылдырылған.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.