{metadescription}
Ақтөбеде спорт мектебіндегі бала өлімінен соң екі тәрбиеленуші қамауға алынды

Ақтөбеде спорт мектебіндегі бала өлімінен соң екі тәрбиеленуші қамауға алынды

Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі оқушы қазасынан соң екі тәрбиеленуші күдікке ілігіп, қамауға алынды.

Үш қылмыстық іс қозғалды. Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі оқушы өлімінің соң Қылмыстық кодекстің «бұзақылық», «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша іс қозғалды, деп жазады kazinform.

Сонымен бірге спорт мектебінің педагогтері мен басшылығының міндеттеріне адал қарамау дерегі бойынша да тергеу жүріп жатыр. 

— Қазіргі таңда күдіктілер ретінде осы мектептің екі тәрбиеленуші тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр, — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.