{metadescription}
СҚО-да мемлекеттік қызметші жарты жылға сотталды

СҚО-да мемлекеттік қызметші жарты жылға сотталды

Тимирязев ауданында көлікті мас күйде жүргізіп, ұсталған мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, оқиға 20 наурызда болған. Мемлекеттік қызметші көлікті мас күйде басқарып, рульге ие бола алмай жол апатын жасаған. Салдарынан қасындағы жолаушы зардап шекті. 

Істі Тимирязев аудандық соты қарады. Ол өз кінәсін мойындамағанымен, мемлекеттік айыптау қылмысын дәлелдеді. Сот прокуратураның пікірімен келісіп, оны 6 айға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде