{metadescription}
Су тасқыны: Атырау мен Алматы арасында қосымша пойыз жолға шығады

Су тасқыны: Атырау мен Алматы арасында қосымша пойыз жолға шығады

Су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды уақтылы тасымалдау үшін ұлттық тасымалдаушы «Алматы-Атырау» және кері бағытта бір рейске қосымша пойыз бекітті. 

№ 215/216 «Алматы-Атырау» пойызы мына кестемен қатынайды:

— Алматыдан 19 сәуір сағат 13:40–та жөнелтіліп, Атырауға 21 сәуірде сағат 15:32–де келеді

— Атыраудан 21 сәуір сағат 23:16–да жөнелтіліп, Алматыға 24 сәуірде сағат 03:50–де келеді.

Купеге де, плацкарт вагондарына да билет бар. Қабылданып жатқан шаралар 700-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша пойызға билеттерді сату 17 сәуірде басталды.

Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайттан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.

Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірінен алуға болады. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде