{metadescription}
18-ге толған екі мыңға жуық қыз-жігіт ұлттық қордан өз үлесін алды

18-ге толған екі мыңға жуық қыз-жігіт ұлттық қордан өз үлесін алды

Кәмелетке толған қазақстандықтар 199 323,1 АҚШ долларын «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында пайдаланды. 

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады.

Оның ішінде баспана жағдайын жақсарту мақсатында — 788 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, білім ақысын төлеу үшін — 120 525,06 АҚШ долларына 1 204 өтініш орындалды.

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны — 6 919 131 бала.

Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады.

Оның барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей сома есептелген.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде