{metadescription}
Екі облыста тасқынға байланысты дауылды ескерту сақталып тұр

Екі облыста тасқынға байланысты дауылды ескерту сақталып тұр

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде  елдің басым бөлігіне жауын-шашынсыз күндер келе жатқанын айтты.

«Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік пен шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында күндіз атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, шығыс пен оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл, шығыс пен орталықта, солтүстік-батыста түнгі және таңғы сағаттарда, тұман күтіледі», - деді мекеме өкілі.

Дегенмен елдің екі өңірінде тасқынмен байланысты дабылды ескерту сақталып отыр.

«19–22 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан және Абай (Жарма және Көкпекті аудандары) облыстарында күннің жылынуы, 19-20 сәуірде жаңбыр болжанып отырғандықтан, орта деңгейдегі таулы аймақтарда қардың қарқынды еруіне байланысты, беткейлерден су жүріп, өзендердің арнадан асуы мүмкін. Осының салдарынан автожол мен теміржолдар, елді-мекендер мен шаруашылық нысандарын су басуы ықтимал.

Ақмола облысыда Нұра өзенінің Қорғалжын ауылындағы гидрологиялық бекетінде су деңгейіәлі көтеріліп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша су деңгейі қауіпті деңгейден 5 сантиметр (қауіпті деңгей - 700 см) асқан. Су Қорғалжын ауылындағы көпір арқылы ағып жатыр. Су деңгейі одан әрі көтерілетін түрі бар», - деді Алина Ысмағұлова.

 Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде