{metadescription}
Петропавлда краннан аққан судың сапасы жақсарды, ішуге болады — Жеңіс Сұлтанов

Петропавлда краннан аққан судың сапасы жақсарды, ішуге болады — Жеңіс Сұлтанов

Петропавлда краннан аққан суды асқа пайдалануға болады. Алынған сынама оның ағзаға зиянсыздығын көрсетті.

Бұл туралы бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте «Қызылжар су» ЖШС бас директоры Жеңіс Сұлтанов мәлім етті. 

«Судың құрамында хлордың мөлшері әдетте 0,3 мг/л болуы қажет. Санитариялық қызмет қазір бізге оны 0,8-1-ге дейін жеткізуге рұқсат беріп отыр. 

Судың лайлылығы бұған дейін 19 мг/л болса, бүгін 3-ке дейін түсті. Бұл жақсы көрсеткіш. Сондай-ақ микробиологиялық, бактериологиялық көрсеткіштері де нормаға сай. Сондықтан суды ішуге болады», — дейді Жеңіс Сұлтанов.

Кәсіпорын директорының айтуынша, жылда көктемде су лайланады, ол өзен сулары деңгейінің көтерілуіне байланысты қалыпты жағдай. Мұндайда суды алдын ала тұндырып немесе қайнатып ішкен жөн. 

«Петропавлды сумен жеткілікті көлемде сумен қамту үшін қазір күнде 400-дей адам еңбек етеді. Олардың тамағына қажет суды өзіміз краннан алып жатырмыз. Осы күнге дейін ешкім ауырған жоқ, бәріміз аманбыз. Суға кеткен бірінші сорғы станцияны тасқын беті қайтып, жер құрғасымен қайта қалпына келтіреміз. Оған көп уақыттың қажеті болмайды. Қазіргі балама көз — Пестрое көлінен алынып жатқан судан да бас тартпаймыз, оны жөнге келтіріп, резерв ретінде қолданамыз», — дейді Жеңіс Сұлтанов.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде