{metadescription}
Қонаев қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қонаев қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Асхат Бердіханов Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды.

Асхат Бердіханов 1975 жылы туған, білімі жоғары.

1995 жылы Павлодар каласының машина жасау колледжін «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдығы» мамандығы бойынша, 2005 жылы С.М.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша оқыған.

2015 жылы Еуразиялық технологиялық университетін «Электроэнергетика» мамандығы бойынша, 2017 жылы С.М.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Энергетика және электротехника» мамандығы бойынша білім алды.

2022 жылы А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін «Құрылыс» мамандығын аяқтады.

Еңбек жолын 1995 жылы Павлодар трактор зауытында электромонтер болып бастаған.

Әр жылдары құқық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Балқаш жылу электр станциясы Басқарма төрағасының орынбасары, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының бас менеджері, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ бас инженері, «Samruk-Kazyna Construction»басқармасының бастығы, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Ұ.Қантаев атындағы Мойнақ гидроэлектростанциясының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары - бас инженері қызметтерін атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде