{metadescription}
Жазда еліміздің біраз бөлігінде өрт қаупі жоғары – Қазгидромет

Жазда еліміздің біраз бөлігінде өрт қаупі жоғары – Қазгидромет

Синоптиктердің айтуынша, мамыр айынан бастап жазғы мезгілде Қазақстанның басым бөлігінде өрт қаупі жоғары. Себебі ұзақ уақыт жауын-шашын түспей, күн ыстық болмақ.

Әрине, бұл – болжам ғана. Апат айтып келмейді. «Бәрі Жаратқанның қолында» деп жатамыз. «Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық орталығының директоры Марина Шмидттің айтуынша, аталған мекеме табиғи өрттің туындау жағдайларын ғана болжайды.

«Қар жамылғысы еріген сәттен бастап тұрақты жаңбырлы ауа райы басталғанға дейін немесе қар жамылғысы пайда болғанға дейін, яғни 15 сәуірден 15 қазанға дейін өрт қаупі болжамы шығарылады. Жауын-шашынсыз ауа райы және жоғары ауа температура сақталған уақытта «Қазгидромет» өрт қауіптілігі туралы ескертулерді барынша уақтылы (1-7 тәулік алдын ала) шығаруға тырысады. Ескертулер барлық мемлекеттік органдарға, төтенше жағдайларды басқару орталықтарына, қалалардың, облыстардың әкімдіктеріне және басқа да мүдделі органдарға жедел жеткізіледі», - деді ол.

«Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, мамыр және маусым айларында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтіліп отыр. Шілде және тамыз айларында температура қалыпты деңгейде болады. Мамыр және жаз мезгілінде жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде қалыпты жағдайда немесе одан аз болады деп болжанған.

Дереккөз: Kazinform 
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде