{metadescription}
Өскеменде ұрылар 94 млн теңгені жымқырып, қайықпен қашып кетті

Өскеменде ұрылар 94 млн теңгені жымқырып, қайықпен қашып кетті

ШҚО ПД-не 2024 жылдың 5 сәуірінде ұрлық фактісі бойынша арыз түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жәбірленушілер белгісіз біреулер сейфті бұзып, 94 миллион теңгені жымқырғанын хабарлады. Қасқөйлер қылмыс орнынан кету жолын алдын ала дайындаған, олар өзенге жеткен соң үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына жүзіп өткен. Осылайша олар "іздерін жасырғылары" келген, бірақ олардың ойлары іске аспады", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Бірнеше күннен кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстаған.

"Олар соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың тұрғылықты жерінен заттай айғақтар – қайық пен ұрланған қаражат тәркіленді", - делінген ведомства ақпаратында.

Қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде