{metadescription}
Алматы облысының егіс алқабында қара құрт қаптады

Алматы облысының егіс алқабында қара құрт қаптады

Алматы облысы Кеген ауданы Қарабұлақ елдімекенінде қара құрт қаптады. Қазір жайылымды жайлаған зиянкестермен күрес жүріп жатыр.

Алматы облысы әкімдігінен мәлім еткендей, Қарабұлақ ауылдық округі Ақай Нүсіпбеков ауылындағы егіс алқабына жайылған шытыргүлділердің жапырақ жемірі аталатын құртты жою жұмыстары жүріп жатыр.

Ағанас жазығындағы алқапқа облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Дархан Кәрібайұлы, Өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми зерттеу институтының энтомологы Ізбасар Исатайұлы келді.

Мамандардың сөзінше, қаптап кеткен қара құрттың экономикалық зиянды шектік деңгейден асыпа кеткен.

Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев шаруалармен кездесіп, ауданнан әкелінген дәрі бүрккіш құрылғылар мен арнайы қорғаныш киімдерді табыстады.

Ауылдағы 137 шаруа қожалық жиналып , улау шараларын жүргізді.

Үш күннен бергі тынымсыз еңбек өз нәтижесін бере бастады. Жеті гектар аймаққа «БИ-58» препараты себілді.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде