{metadescription}
Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында 2 дзюдошымыз қола жүлдеге таласады

Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында 2 дзюдошымыз қола жүлдеге таласады

Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық екі балуан Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигуль Куюлова қола медаль үшін күреседі.

81 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Абылайхан Жұбаназар жартылай финалда Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ли Джун-Хваннан (Оңтүстік Корея) қосымша уақытта жеңіліп қалды.

Ал Азия чемпионатын 2-айналымнан бастаған қыздар арасындағы спортшымыз Есмигүл Куюлова (-63 келі) жапон балуаны Кирари Ямагучиге жол берді. Сосын, жұбаныш белдесуде үндістандық спортшыдан айласын асырды. Осылайша екі балуанымыз қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болды.

70 келі салмақта тағы бір отандасымыз Екатерина Токарева ширек финалда Шохиста Назаровадан, жұбаныш белдесуде тағы бір өзбекстандық Гүлноза Матниязовадан ары өте алмады.

Айта кетейік, Азия чемпионатының жеңімпазы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 балл қосылады.

Аталған Сарықұрлық додасында 34 елдің 262 таңдаулы татами шеберлері өзара кім мықтыны анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде