{metadescription}
Өскеменде екі жігіт кеңсе сейфін бұзып, 94 млн теңгені ұрлап кеткен

Өскеменде екі жігіт кеңсе сейфін бұзып, 94 млн теңгені ұрлап кеткен

Өскемен қаласында кеңсе сейфін бұзып, 94 млн теңгені ұрлап кеткен екі жігіт ұсталды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, екі ер адам қаладағы кеңселердің бірінен ірі көлемде ақша ұрлаған.

«Ұрлық фактісі бойынша полицияға арыз түсті. Жәбірленушілер белгісіз біреулердің кеңседегі сейфті бұзып, 94 миллион теңгені жымқырғанын жеткізді. Ұрылар қылмыс орнынан кету жолдарын алдын ала ойластырып алған», - делінген ақпаратта. 

Олар өзенге жеткен соң үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына жүзіп өткен.

Осылайша қашып құтылмақ болады. Бірақ ойлары іске аспады.

«Полиция қызметкерлері бірнеше күнге созылған жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстады. Ер адамдар сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың тұрғылықты жерінен заттай айғақтар – қайық пен ұрланған қаражат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде