{metadescription}
Қазақстанның 11 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 11 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер республиканың 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

23 сәуірде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында күндіз найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың батысы мен орталығында шаңды дауыл соғады. Күндіз батыс пен орталықта солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтауда 23 сәуірде күндіз шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында, күндіз батыста, оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Шымкент қаласында 23 сәуірде таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістанда 23 сәуірде күндіз найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, күндіз солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Орал қаласында 23 сәуірде күндіз найзағай жарқылдайды. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 18 м/с.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде бағыты солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-15 м/с дейін жетеді.

23 сәуір күні күндіз Атырау қаласында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғып, күндіз бағыты солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с.

23 сәуірде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында және оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Сол күні түнде Петропавлда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Абай ауданында солтүстіктен, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталық бөлігінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23 м/с дейін жетеді деп болжанды.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

23 сәуірде күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде найзағай ойнайды, екпіні 18 м/с дейін жететін жел соғады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.