{metadescription}
Қазақстанда кейбір құрылыс компанияларына жеңілдік беріледі

Қазақстанда кейбір құрылыс компанияларына жеңілдік беріледі

Елімізде ісіне жауапты және заңға қатаң бағынатын құрылыс компанияларына қойылатын талаптар жеңілдейді, деп жазады kazinform. Толығырақ Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтып берді.

«Бүгінде 160 құрылыс объектісінде жұмыстар заңға сәйкес жүріп жатыр. Мәжілістегі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды жетілдіру туралы заң жобасы аясында заңға сай жұмыс істейтін құрылыс компанияларын ынталандыру мақсатында тиісті шараларды қарастыру көзделіп отыр», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында. 

Осылайша жауапты және тәжірибелі құрылыс компанияларына қойылатын талаптар жеңілдетілмек. 

«Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары үшін қажетті жалпы соманың уәкілетті компания есебінде болу үлесі 10 пайызға қысқартылады. Сонымен қоса бірыңғай оператордың кепілдігін алу кезінде құжаттар тізбесі 2 есе азаяды (қазір 43 құжат). Одан бөлек уәкілетті компанияның шығысын оңтайландыру мақсатында қосымша валюталық және депозиттік шоттар ашу құқығы беріледі», - дейді ведомство басшысы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде