{metadescription}
Петропавлда 25 тұрғын үй және 12 мекеме-ұйымға су беру тоқтатылды

Петропавлда 25 тұрғын үй және 12 мекеме-ұйымға су беру тоқтатылды

Петропавлда тозығы жеткен коллектор қалпына келтіріліп жатыр, деп жазады Kazinform.

Осыған байланысты жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан ауданға уақытша су беру тоқтатылды. 

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, Абай көшесінде орналасқан коллектор қаланың бірнеше ауданын қамтиды. Тозығы жеткендіктен, қазіргі уақытта ауыстырылып жатыр. 1,1 км жаңадан құбыр салынуы керек болса, соның 130 метрі тартылды. Ертең тағы 500 метрі салынбақ.

«Қазіргі уақытта Жұмабаев көшесінде қозғалыс қалпына келді. Ертең Н.Назарбаев көшесінде жұмыс аяқталып, көше ашылады. Жөндеу жұмыстары кезінде үйлердің жертөлелері суға толмау үшін бүгін көп қабатты 25 тұрғын үй және 12 ұйым-мекеме судан ажыратылды. Сумен қамту 24 сәуір күні кешке қарай қалпына келеді», - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сусыз қалған мекемелердің ішінде үш мектеп, балабақша, сауда орталықтары, базар да бар. Бұл күндері мекен жайларға су жеткізіліп берілетін болады.

«Қызылжар су» ЖШС-нің мәліметінше, 30 наурызда Абай көшесі бойында Алтынсарин көшесімен қиылысында кәріз коллекторы зақымданды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде