{metadescription}
«Бұл сандыраққа сенбеңіздер!»: Кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаевтың сөздеріне қатысты мәлімдеме жасады

«Бұл сандыраққа сенбеңіздер!»: Кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаевтың сөздеріне қатысты мәлімдеме жасады

Танымал қазақстандық кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаев сотына қатысты пікір білдіріп, Instagram парақшасында мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Баталов соңына дейін Бишімбаевқа қатысты сот ісіне пікір білдіргісі келмегенін, бірақ атыма кір келтіретін ойға қонымсыз әңгімелер айтылып жатққандықтан үнсіз қала алмағанын айтты.

“Атыма кір келтіретін лас әңгіме мені мәлімдеме жасауға мәжбүрледі. Сұмдық қылмыс жасады деп айыпталып отырған күдіктінің маған қатысты айтқан айыптауы – ойға қонымсыз жалған әңгіме. Мұндай жалған ақпаратқа сенбеңіздер. БАҚ өкілдері мен блогерлерді сенімсіз ақпаратты таратпауға шақырамын”, – деді кәсіпкер. 

Сонымен қатар ол Салтанаттың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

“Осындай қайғыға душар болғанына қарамастан қызының ар-намысын қорғауға мәжбүр болып отырғаны өкінішті. Өте сұмдық жағдай. Нүкеновтер отбасына шын жүректен көңіл айтамын”, – деп түйіндеді сөзін Райымбек Баталов. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде