{metadescription}
Қаламгер Зейнолла Сәніктің шығармашылығына арналған конференция өтті

Қаламгер Зейнолла Сәніктің шығармашылығына арналған конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жазушы, фольклоршы, баспагер, этнограф, аудармашы Зейнолла Сәніктің шығармашылық мұрасын зерттеу мен талдауға және баспа ісіндегі  өзекті мәселелерді талқылауға  арналған «Қазақстандағы баспа ісі және Зейнолла Сәніктің баспагерлік, редакторлық қыры» атты республикалық конференция өтті.

Шарада Зейнолла Сәнік атындағы «Баспагерлік – редакторлық орталық»  ашылды. Сонымен қатар, «Үздік баспасөз жарияланымы», «Үздік ғылыми жұмыс», «Дизайн өнерінің үздік туындысы» аталымы бойынша студенттер арасында ұйымдастырылған байқау қорытындысы шығып, Зейнолла Сәнік атындағы арнайы шәкіртақы тағайындалды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер, Зейнолла Сәніктің отбасы, әріптестері, шәкірттері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, белгілі баспагерлер, дизайнерлер, студенттер мен магистранттар, докторанттар қатысты.

Айта кетейік, Зейнолла Мүбәракұлы Сәнік – 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген.

1953 жылдан бастап Шағантоғай ауданының екінші, үшінші аудандарында Жастар одағының кадры есебінде еңбек етті.

1957-1970 жылдары Үрімжідегі «Жастар баспасында» редакторлық қызмет атқарады.

1970-1978 жылдар «Халық жауы» атанып Бұратала облысының Жың ауданында еңбекпен өзгертуде болды. 1978 жылы ақталған.

1978 жылдан «Халық баспасында» редактор, 1980 жылы «Шыңжаң халық баспасының» қазақ редакциясының балалар бөлімінің редакторы, 1982 жылы тете-аға редактор, 1986 жылы аға-редакторлық кәсіптік-техникалық атақ алды.

1992-1999 жылдары «Шыңжаң жастар өрендер» баспасында жетекші маман ретінде аға редактор болып еңбек еткен.

Оның «Тау жұлдызы», «Қазақтың тұрмыс-салт білімдері», «Табиғат тәлімі», «Дала мәдениеті туралы толғаныстар», «Қаракерей Қабанбай», «Хан батыр Қабанбай», «Қайрақбай», «Басбай», «Сергелдең», «Із», «Тұғырыл хан – Демежан батыр», «Қазақ этнографиясы», «Сүлеймен би», т.б. кітаптары жарық көрген. 2017 жылы «Ан Арыс» баспасынан 15 томдық шығармалар жинағы шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде