{metadescription}
СҚО-да су тасқынынан қырылған малға өтемақы беріліп жатыр

СҚО-да су тасқынынан қырылған малға өтемақы беріліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұрғындар су тасқыны кезінде өлген малы үшін өтемақы алуда. 

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданында 27 бас малдың өлгені тіркелген. Оның 2-еуі сиыр, 7-еуі қой-ешкі, 2-еуі – жылқы және 16-сы шошқа. 

«Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі өлген мал бойынша келтірілген залалды өтеуге өтініш қабылдап жатыр. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық шығынды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Базада бар, өлген үш жануар үшін бюджет қаражаты есебінен екі ірі қара мал мен бір ұсақ малға жалпы сомасы 510 мың теңге өтемақы берілді. Қалған мал бойынша төлем «Асар» қоры арқылы жүргізіліп, төленді. Бұл – 1 млн 642 мың теңге», - деді ведомство өкілдері. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде