{metadescription}
Абай облысында 397 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Абай облысында 397 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Жер заңнамасы Абай облысы прокуратурасының ерекше бақылауында, деп мәлім етті облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биыл жыл басынан бергі қабылданған шаралардың арқасында жергілікті атқарушы органдардың заңсыз актілері жойылып, 397 млн теңгеге жалпы ауданы 49 мың га болатын 37 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мұндай шешімдердің қабылдануына жер учаскелерін нысаналы пайдаланбау, оларды қосалқы жалға беру, Мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасуы негіз болды.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасының наразылықтары бойынша қалалар мен аудандар мәслихаттарының жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету және бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін түзету коэффициенттерін бекіту туралы 4 нормативтік құқықтық актілері жойылды.

Мәселен, бір жағдайда мәслихаттардың шешімдерін қабылдау кезінде күші жойылған жерді аймақтарға бөлу схемасы пайдаланылды, екінші жағдайда күшіне енбеген схема қолданылды. Бұл жер салығының базалық ставкаларының негізсіз өсуіне әсер етті.

«Бүгінгі таңда базалық ставкалар сәйкестендірілді», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде