{metadescription}
ҚР Президентін әлем елдерінің басшылары туған күнімен құттықтап жатыр

ҚР Президентін әлем елдерінің басшылары туған күнімен құттықтап жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан, шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдерінен құттықтаулар келіп жатыр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Құттықтау жеделхаттарын Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрдің орынбасары шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, АӨСШК хатшылығының бас директоры Қайрат Сарыбай, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Башқұртстан Басшысы Радий Хабиров және басқалар жолдады.

Құттықтаулар әлі де келіп түсіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде