{metadescription}
Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды

Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды

Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Павлодарда қала ішінде жүретін автобус жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай, жол ортасындағы трамвай желісінің бағанына соғылды.

«Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған»,- деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде