{metadescription}
Мектепке шабуыл жасалып, екі адам мерт болды

Мектепке шабуыл жасалып, екі адам мерт болды

Дүйсенбі күні Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясының Гуйси қаласындағы бастауыш мектепке жасалған шабуылдан екі адам қаза тауып, он адам жарақат алды.

Оқиға салдарынан жарақат алған он адамның алтауы шабуылдан қашып құтылмақ болған кезде жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды Xinhua агенттігі қалалық қоғамдық қауіпсіздік департаментінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Күдікті 45 жастағы Пань есімді әйел болып шықты, ол ұсталды.

Оқиғаға қатысты қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бұған дейін бұл шабуылдың салдарынан бес адамның жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.