{metadescription}
Түбегейлі жаңғыруымыз үшін азаматтардың сана-сезімі өзгеруі керек - Президент

Түбегейлі жаңғыруымыз үшін азаматтардың сана-сезімі өзгеруі керек - Президент

Халқымыздың асыл мұрасы – жаһандық өркениетке қосылған құнды қазына.

Бұл туралы бүгін Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бүгін баршаңызды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл біздің осы мерекеге орай алғаш кездесуіміз. Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі ең маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркениетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап байыта түсу – ортақ парыз. Әбіш Кекілбайұлы: «Мәдениет тарихы түптеп келгенде адамзат тарихы» деген. Қазақтың бітім-болмысын оның төл өнерінен көруге болады. Халқымыздың асыл мұрасы – жаһандық өркениетке қосылған құнды қазына. Біздің мәдениетіміз ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан да мәдениет пен өнерді дамыту мемлекетіміз үшін негізгі басымдықтың бірі», - деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізде саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатқанын, өте ауқымды жұмыс жасалғанын атап өтті.

«Бірақ, елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ең бастысы азаматтардың саны-сезімі өзгеруі керек. Халқымыз, әсіресе жастарымыз білімді, еңбекқор, ұқыпты және ұшқыр ойлы болуы қажет. Еліміз озық болсын десек, біз тек қана алға ұмтылып, жарқын болашаққа сеніммен қарауымыз керек. Бұл бәріміз үшін аса жауапты міндет. Біз бүкіл ел болып жұмылсақ, осы мақсатымызға жете аламыз. Қазір ұлт руханиятының жаңғырту ісіне қатысты шаралар қолға алынып жатыр. Былтыр мәдениет саясатының 2029 жылға дейінгі тұыжырымдамасын қабылдадық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.