{metadescription}
ШҚО білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды

ШҚО білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстан облысының білім ордаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев өңірдегі балабақша, мектеп, колледж директорларымен кездесті. Бұл кездесудің мақсаты – ата-аналардан заңсыз ақша жинау фактілеріне жол бермеу.

«Осы жылдың 4 айында облыстағы білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды. Ал 2020 жылдан бері есептегенде осындай 58 қылмыс тіркелген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы – 221 млн теңге. Бүгінде соның 83 млн теңгесі өндірілді», - дейді Талғат Башев.

Оның айтуынша, заң бойынша ата-аналардан мүлде ақша жинауға болмайды. Сондай-ақ балабақша, мектеп, колледж басшылығына қаржылай және заттай сыйлық беруге тыйым салынған.

Осындай фактілерге куә болып жатқандарға 1424 жедел орталығына немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ШҚО бойынша департаментінің 8(7232)-29-88-88 нөміріне хабарласуға болады.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде