{metadescription}
Атыраулықтарға су басу қаупі бар жолмен жүру қауіпті екені ескертілді

Атыраулықтарға су басу қаупі бар жолмен жүру қауіпті екені ескертілді

Атырау облысының тұрғындарына Махамбет, Индер аудандары бағытындағы жолмен жүру қауіпті екені ескертілді.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін 24 мамырда ауа райына байланысты ескерту жарияланып отыр.

«Атырау облысының оңтүстік, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр жел соғады», - делінген ақпаратта.

Ауа райының нашарлауына байланысты облыс тұрғындарына алыс жолға шықпау қажеттігі ескертілді.

«Әсіресе, тасқын қаупі күшейіп тұрған Махамбет, Индер аудандары бағытындағы трассалармен жолға шықпаған жөн. Бұл бағыттағы жолдармен жүру қауіпті. Қазір Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі сақталып отыр. Су тасқынының қаупіне байланысты кейбір бағыттағы автомобиль жолдары уақытша жабылды», -деп мәлім етті облыстық жедел штабтан.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.