{metadescription}
Өнеркәсіп министрі Маралдыдағы жағдайға пікір білдірді

Өнеркәсіп министрі Маралдыдағы жағдайға пікір білдірді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды ауылы тұрғындарының алтын өндіру кәсіпорнын салуға қарсылық тынытуы мәселесіне қатысты пікір айтты.

«Маралдыға Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі сапармен барды. 

Өкінішке қарай, жауапты шетелдік инвестор Маралды ауылының экологиялық мәселесін желеу етіп, әрекет жасап жүрген шағын бір топтағы адамдардың құрбаны болды. Бұл әрекеттер осы ауылдың дамуына нұқсан келтіреді. Менің ұстанымыма тоқталсам, инвестор келіп, ақша салып, фабрика тұрғызады. Маралдыда 300-ден астам адам тұрады. Олардың әрқайсысына жұмыс орны дайындалды, сондай-ақ инвестор жол, әлеуметтік инфрақұрылым және басқа да нысандарды салу бойынша міндеттемелер алды. Бұл жерге өте жауапты шетелдік инвестор келген еді. Менің ойымша, мемлекет жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін шетелдік инвесторларды тартуға жұмыс істеуі керек», - деді Қ.Шарлапаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Министр аталған өңірдегі мәселемен егжей-тегжейлі танысқанын айтты.

«Мәселен, Маралдының өзінде тұратын нақты адамдар бар. Сонымен қатар, осы ауылда тұрмаса да және тікелей қатысы болмаса да өздерінің ықпалын тигізуге әрекет етіп жүрген басқа да адамдар бар», - деді Қ. Шарлапаев.

Бұған дейін бірнеше жыл бұрын Маралды ауылының халқы алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсылық танытты. Экологиялық тұрғыда алтынды ашық жолмен өндіру және фабрика салу мәселесі жергілікті тұрғындарды алаңдатты.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.