{metadescription}
Бектенов Ашхабадта Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Бектенов Ашхабадта Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Түркіменстанда өткен ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Ашхабадта Олжас Бектеновті Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қабылдады. ҚР Үкіметінің басшысы Түрікменстан Президентіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Әңгімелесу барысында өзара құрметке негізделген екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейі атап өтілді. Екі ел арасындағы тауар айналымы бір жылда 28%-ға артып, $563 млн-ды құраған. Биылғы үш айдың қорытындысы бойынша өзара сауда айналымы $105 млн-ға жетті.

Газ саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен қазақ-түрікмен жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.