{metadescription}
Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті

Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті

Қазақстан тағамтану академиясының президенті, әлемдік денсаулық сақтаудың аңызы және қазақстандық медицинаның мақтанышы, академик Төрегелді Шарманов 93 жасында өмірден озды. 

«Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапатталған, Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі «Еңбек ері» белгісінің иегері, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті», - деп хабарлады С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі. 

Төрегелді Шарманұлы Республиканың Денсаулық сақтау министрлігін 12 жыл басқарып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды. 1974 жылдан бастап республикадағы жетекші ғылыми ұйымдардың бірі – Қазақ тағамтану академиясының тұрақты меңгерушісі.

2005 жылы академик Шармановқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары ерекшелік дәрежесі – Леон Бернард сыйлығы берілді, оның иегері бүкіл әлем тарихында небәрі 29 адам болған. Бұл денсаулық сақтау саласындағы Нобель сыйлығының бір түрі саналады. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.