{metadescription}
Елордадағы қонақ үйлердің бірінде кассадан 1 млн теңге ұрланды

Елордадағы қонақ үйлердің бірінде кассадан 1 млн теңге ұрланды

Астанада күзетшісі ұйықтап жатқан қонақ үйдің кассасынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланды. Бұл туралы Polisia.kz. жазды.

Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қонақ үй кассасынан 1 млн 52 мың теңге ұрлады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Белгілі болғаны, ер адам түнгі уақытта оңай олжа іздеп жүріп, есігі ашық қонақ үйді байқаған.

«Күдікті ішке кіргенде күзетші мен әкімшінің ұйықтап жатқанын көріп, кассадан қомақты сомада қолма-қол ақша оралған пакетті жасырын алып кеткен. Ұрланған ақшаның жартысын ол өз керегіне жаратып үлгерген», — делінген хабарламада. 

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді.

Сондай-ақ оның елорда аумағында жасалған ұрлықтың тағы екі фактісіне қатысы бары анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.