{metadescription}
Павлодарда баласына алимент төлемей келген әйел бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Павлодарда баласына алимент төлемей келген әйел бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Өңірлік полиция департаменті жыл басынан бері кәмелетке толмаған баласын асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 31 адамға қатысты қылмыстық іс жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

17 іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Олардың қатарында ерлер де, әйелдер де бар.

«Мысалы жеке сот орындаушысы әйелдің ұлына қатысты алимент қарызын төлемеу фактісі бойынша полицияға жүгінді. Ол 2009 жылы туған кәмелетке толмаған баласын асырауға соңғы 7 жылда алимент төлемеген. 2017 жылы ата-ана құқығынан айрылып, ал жасөспірім ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мемлекеттік орталықта болған. Осы кезеңдегі қарыз сомасы 5 миллион 700 мың теңгеден асты», деп хабарлады полициядан.

Қазір бұл істі сот қарастырып жатыр. Заңнамаға сәйкес, әйел адам қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде